Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпиондарымен кездеседі

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпиондарымен  кездеседі

Қазақстан футзалшылары Ресейден ұтылып, Хорватияны жеңіп өз тобында екінші орын алған болатын

194 0

Белград қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан барлық командалар белгілі болды. Олардың арасында Қазақстан құрамасы да бар, деп хабарлайды Today.kz.

Ресей құрамасы мен Хорватия футзалшылары арасындағы кездесу "С" тобындағы соңғы ойын болатын. Ресей қағаз жүзінде мықты саналғанымен хорваттарды ұта алмай 2-2 есебімен тең тарқасты. Бұл нәтиже Ресей құрамасын топтан бірінші орынмен ширек финалға алып шықты. Ал топтағы екінші орын Қазақстан құрамасына тиесі болды. Енді Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынмен шыққан Еуропа чемпионы атағын қорғауға келген Италия құрамасымен кездеседі. Ойын ақпанның тоғызы күні өтеді. Өзге ширек финалдық ойындарда Ресей Әзірбайжанмен, Сербия Украинамен, Португалия Испаниямен жолығады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!