Жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарына 18 спортшымыз қатысады

Фотография - Жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарына 18 спортшымыз қатысады

Олардың арасында Тұрсынбаева Элизабет те бар

237 0

12-21 ақпан аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасында ІІ қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бұл сынға Қазақстан атынан 18 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Аламан.

Қазақстан делегациясы Лиллехаммерге 10 спорт түрінен қатысады. Қазақстанның еншісіндегі 18 жолдамаға еліміздің 10 облысының спортшылары иелік еткен.

Лиллехаммерге баратын спортшылар:

Биатлон: Арина Пантова (Павлодар), Евгений Красикова (ШҚО), Дарьни Иван (ШҚО), Жанболатов Берік (Алматы облысы).

Конькимен жарысу: Мухамедеев Анвар (Алматы), Громова Мария (СҚО)

Шаңғымен жарысу: Лювт Иван (ШҚО), Тарасева Анастасия (ШҚО)

Мәнерлеп сырғанау: Тұрсынбаева Элизабет (Қызылорда)

Трамплиннен секіру: Ткаченко Сергей (ШҚО)

Шорт-трек: Нагай Анита (БҚО), Шамуханов Еркебұлан (Атырау)

Тау шаңғысы: Карпова Екатерина (ШҚО)

Фристайл: Сапимова Айжан (Алматы), Қайрат Олжас (Алматы)

Шана спорты: Богачева Анастасия (Алматы), Ефремов Роман (Алматы), Татьяминченко Денис (Алматы).

Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Инсбрукте (Австрия) болған алғашқы жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан бір күміс, екі қоламен 23-орын алған еді. Күміс пен қоланы биатлоншы Галина Вишневская иеленсе, бір қоланы шаңғышы Сергей Малышев еншілеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!