"Астана" тағы бір жаңа ойыншымен толықты

Фотография - "Астана" тағы бір жаңа ойыншымен толықты

23 жастағы шабуылшы "Астана" клубы қатарына қаңтар айының ортасында қосылып, бапкерлердің байқауынан өткен еді

294 0

Елордалық "Астана" клубы сербиялық шабуылшы Джордже Деспотовичпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы. 

23 жастағы шабуылшы "Астана" клубы қатарына қаңтар айының ортасында қосылып, бапкерлердің байқауынан өткен еді. Бүгін бізге жеткен мәліметтер бойынша, клуб пен шабуылшы келісімге келіп, 2 жылдық келісімшартқа қол қойған. Айта кетейік, өткен маусымда Деспотович Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын екі клубтың сапында өнер керсетті.

Маусымның біріншілі бөлігінде талдықорғандық "Жетісу" сапында өткізсе, екінші бөлігінде алматылық "Қайрат" сапында ойнады. Өткен маусымның қорытындысы бойынша ол 13 голмен үздік сұрмергендер арасында екінші орынға жайғасты.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!