Қазақстандық тенис төрешісі халықаралық дауға іліккен - The Guardian

Фотография - Қазақстандық тенис төрешісі халықаралық дауға іліккен - The Guardian

Жалпы алты төреші букмекерлерден пара алды деп айыпталуда

115 0

Қазақстандық тенис төрешісі ірі халықаралық парақорлық дауына ілікті, мұны британдық The Guardian газеті анықтаған, деп жазады Today.kz  Төреші өзінің Түркия мен Украиналық әріптестері секілді букмекерлерден ресми жариялымнан бұрын ойын нәтижеі туралы ақпарат бергені үшін пара алып отырған.

Нәтижесінде екі халықаралық төреші "құпия" түрде орнынан алынып, ал, төртеуі парақорлық бойынша ірі айыптарға байланыты спорттан өмір бойы ажыратылды, деп жазады басылым. Журналистер тергеуінің мәліметтеріне сай, алаяқтар арасында қазақстандық төреші Кирилл Парфенов бар болып шыққан.

Тенис төрешілері төмен деңгейдегі кәсіби ойындарда матч есебін жиі IBM планшетіне қолмен енгізеді. Ұпай туралы нәтиже планшеттен IBM-нің ақпараттық серіктесі Sportradar серверіне беріледі. Букмекерлер скорингтік ақпаратты клиентерге қызмет көрсету үшін алады.

Басылымның жазуынша, төрт төреші мәліметті ақпарат орталығына қасақана кешіктіріп енгізгені үшін ойыннан аластатылды, осылайша олар ставка қоюшыларға өзінің ақшасын қайта тігуге мүмкіндік берген. Кей жағдайда төрешілер ақпарат ресми түрде жаңаланып үлгергенше гэмблерлерге корттан хабарлама жіберіп отырған.

Сарапшылар пікірінше, дау тенис федерациясының атына кір келтіруі мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!