Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыға алмады

Фотография - Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыға алмады

Жартылай финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Испанияға жол берді

154 0

Сербия астанасы – Белград қаласында өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испания құрамасымен кездесіп, аса тартысты өткен ойында жеңіліп қалды. Ойын есебі 5-3.

 Қазақстан құрамасы ойында алғашқы болып есеп ашқанымен Еуропаның алты дүркін чемпиондары бірінші таймның өзінде үш бірдей гол соғып есепте алға шықты. Ойынның екінші бөлігінде Қазақстан құрамасы есепті минимумға дейін қысқарта алғанымен таразы басын теңестіруге   сәттілік пен шеберлік жетіспеді. Қазақстан құрамасы қатарында сары қағаздарына байланысты ойынға қатыса алмаған қақпашы Игита мен жарақатына байланысты алаңға шықпаған Шыңғыс Есенамановтың орны ойсырайып білініп қалды. Солай Қазақстан құрамасы өзі қатысқан алғашқы Еуропа біріншілігінде үлкен сенсация жасады. Енді біздің жігіттер Еуропа біріншілігінің қола жүлдесі үшін алаң қожайындары Сербиямен ойнайтын болады. Ал құрлықтың бас жүлдесін Испания мен Ресей өзара сарапқа салады. Финал мен үшінші орын үшін ойын он үшінші ақпанда өтеді.

Испания — Қазақстан 5:3 (3:1)
Гол: Довгань 4 (0:1), Бебе 8 (1:1). Мигелин 17 (2:1), Кампос 18 (3:1), Алекс 27 (4:1), Лео 36 (4:2), Жаманқұлов 38 (4:3), Кампос 39 (5:3)
Испания: Пако Седано, Хесус Эрреро, Хуанхо — Ортис, Марио Ривильос, Пола, Рауль Кампос, Хосе Руис, Бебе, Андресито, Рафа Усин, Лин, Алекс, Мигелин
Қазақстан: Шамро — Лео, Дуглас, Жаманқұлов, Довгань, Сүлейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Таку, Нұрғожин
Төреші: Саша Томич (Хорватия), Эдуарду Фернандеш Коэлью (Португалия)




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!