Лео Месси өз карьерасында алғаш рет Испанияда айдың үздік футболшысы атанды

Фотография - Лео Месси өз карьерасында алғаш рет Испанияда  айдың үздік футболшысы атанды

2013 жыдан бастап беріліп келе жатқан жүлде Мессиге алғаш рет бұйырып отыр

345 0

"Барселона" футболшысы Лео Месси өз карьерасында алғаш рет Испания примерасындағы айдың үздік футболшысы атанды. Оған «қаңтар айының үздігі" марапаты тапсырылды, деп хабарлады Аламан.

Бұл жүлде Испанияда 2013/14 жылғы маусымнан бастап табысталып келе жатыр. Бірақ әлемнің бес дүркін үздік футболшысы осыған дейінгі 22 жүлдегердің ішінде болмаған.

28 жасар Аргентиналық футболшы қаңтар айында Ла-лигада өткізген бес ойында алты гол соқты.

"Реал" футболшысы Роналду 2013 жылдың қыркүйегінен бері бұл жүлдені екі рет жеңіп алған.

"Атлетико" футболшылары Диего Годин мен Антуан Гризмен және "Реал Сосьедад" шабуылшысы Карлос Вела да бұл жүлдені екі рет жеңіп алды.

Месси бұл жүлдені жеңіп алған "Барселонаның" небәрі екінші ойыншысы. Осыған дейін бразилиялық футболшы Неймар осы маусымда қараша айының үздігі атанған.

Месси қаңтар айында "Гранадаға" қарсы хет-трик орындады. Одан бөлек, "Атлетик", "Малага" және "Атлетико" қақпаларын бір мәрте дәл көздеген. "Барселона" қаңтарда өткізген бес ойынның төртеуінде жеңіске жетті және бір матч тең аяқталған



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!