Қазақстан мен Польша құрамалары Әлем чемпионатының жолдамасына таласады

Фотография - Қазақстан мен Польша құрамалары Әлем чемпионатының жолдамасына таласады

Колумбияда өтетін футзалдан Әлем Чемпионатына жолдама берілетін ойындардың жеребесі тартылды

877 0

Бүгін Сербия астанасы Белградта 2016 жылдың 14 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында Колумбияда өтетін футзалдан Әлем Чемпионатына жолдама берілетін ойындардың жеребесі тартылды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінен.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына Польша құрамасы түсті. Қазақстандық ойыншылар алғашқы кездесуді сырт алаңда 22 наурыз күні өткізеді. Қарымта матч 12 сәуірге белгіленген. Әлем чемпионатына әр жұптың жеңімпазы тікелей жолдама алады. 

Жеребенің қорытындысы: 

Словения – Испания

Словакия – Украина

Польша – Қазақстан

Сербия – Португалия

Беларусь – Ресей

Нидерланд – Әзірбайжан

Венгрия – Италия



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!