Жанбота Алдабергенова Әлем кубогында "күміске" қол жеткізді

Фотография - Жанбота Алдабергенова Әлем кубогында "күміске" қол жеткізді

Отандасымыз финалда 75,91 ұпай жинады.

375 0

Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Мәскеу қаласында өткен фристайлдан Әлем кубогында шаңғы акробатикасынан сынға түсіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Отандасымыз финалда 75,91 ұпай жинады. Ресейлік Алина Гриднева 77,43 ұпаймен алтын медальді мойнына тақты. Үздік үштікті АҚШ сенім артқан Мэдисон Олсен түйіндеді. Оның өнерін төрешілер 75,69 ұпаймен бағалады.

Айта кетейік, Жанботаның бұл жетістігі Қазақстанның фристайлдың шаңғы акробатикасынан Әлем кубогында алған алғашқы жүлдесі. Сонымен қатар, 20 жастағы фристалшы қазақ қыздары арасында қысқы Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Атап айтқанда, 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ол әлем мықтыларымен үзеңгі қағыстырып, жалпы есепте 6-орынға табан тіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!