Дамир Рысбаевтың қарсыласы ертеңгі ойынға бокс залында жаттығып жүр

Фотография - Дамир Рысбаевтың қарсыласы ертеңгі ойынға бокс залында жаттығып жүр

Дамир Рыспаев осы маусымда 11 матч өткізіп, 116 минутқа алаңнан қуылды.

187 0

Қазандық "Ақ барыстың" капитаны әрі шабуылшысы Александр Свитов астаналық "Барыспен" өтетін матчқа мұз айдынында емес, бокс залында жаттығып жүр. Сейсенбі күні өтетін матчта ол қазақстандық тафгай Дамир Рысбаевпен төбелесуге қызу дайындалып жатқан сыңайлы, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әрине, "Барыспен" кездесуді асыға күтіп жүрмін. Күн сайын жаттығу залына барамын. Қазір бокс залында біраз жаттығып, ол жерден мұз айдынына барамын", - дейді Свитов жанкүйерлеріне берген сұхбатында.

Фото -

Естеріңізде болса, өткен маусымда қос команда арасында өткен ойында Свитов Рысбаевпен төбелесіп, қолын қатты жарақаттап алған болатын. Дамир Рыспаев осы маусымда 11 матч өткізіп, 116 минутқа алаңнан қуылды. Сонымен бірге, оған қатарынан 5 матчқа қатысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, "Ақ Барыс" пен "Барыс" арасындағы матч ертең, 16 ақпан күні Қазанда өтеді. Қазір астаналық клуб Шығыс конференциясында 8-орында келеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!