А. Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасын Еуропа чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Фотография - А. Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасын Еуропа чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан футзал командасы тарихтың жаңа беттеріне үлкен жеңісті жағдайды жазып қалдырды

302 0

Өткен демалыс күндері қазақстандық спорт тарихына тағы бір қуанышты хабар алып келді. Қазақстан Республикасының футзал құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлделері үшін ойында Сербия құрамасын ойсырата жеңе білді.

Отандық команданы құттықтағандардың алғашқылардың бірі Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды, деп хабарлады Baq.kz.

 Ойыншыларға жолдаған хатында министр Еуро-2016 секілді жарыстың үшінші орны қазақстандық футзалдың әлемдік спорт аренасындағы ірі жетістік болып табылатындығы айтылған.

"Қазақстан футзал командасы тарихтың жаңа беттеріне үлкен жеңісті жағдайды жазып қалдырды. Сіздер Қазақстанның футзалын біз күткен жаңа шыңға шығарып, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатында тамаша өнер көрсеттіңіздер.

Еуропаның ең азулы командаларымен кездесіп, терезесі тең ойын көрсетіп қоймай, жеңіске жеттіңіздер. ЕУРО-2016 дебютанттары екендеріңізге қарамастан, жігерлеріңіз бен еңбектеріңіздің нәтижесі болып табылатын үлкен жеңісіңіз қазақ еліне қуаныш сыйлап, қола жүлдені еншіледіңіздер. Қазақ футзалының жаңа деңгейі, жаңа белесі, жаңа жеңісі құтты болсын!

Алдағы уақыттарда біз Сіздерге үлкен сенім артамыз, үлкен жеңістеріңіз әлі алда екендігіне сенеміз. Сіздердің жетістіктеріңіз еліміздің абыройын асқақтатары сөзсіз!" - деп жазылған министр құттықтауында. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!