"Астана" Словенияның "Марибор" клубын жеңді

Фотография - "Астана" Словенияның "Марибор" клубын жеңді

Бұл "Астананың" оқу-жаттығу жиындарындағы осымен үшінші жеңісі

155 0

Ел чемпионы "Астана" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында Словенияның "Марибор" командасын жеңді, деп хабарлады Baq.kz

Бұл матчта барлық мәселе бірінші таймда шешілді. Кездесудің 12-минутында Твумасидің пасын сәтті пайдаланған Серікжан Мұжықов алғашқы голды соқты. Ал 24-минутта Джордже Деспотович есепті еселей түсті. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды.

Бұл "Астананың" оқу-жаттығу жиындарындағы осымен үшінші жеңісі. Мұның алдында Стойлов шәкірттері Болгарияның "Славия" (София) командасын (3:0) және Босния және Герцеговинаның "Сараево" (3:2) клубын ұтқан болатын.

"Астана" бұл матчта мына құраммен шықты: Эрич, Логвиненко, Аничич, Постников, Бейсебеков, Мұжықов, Максимович, Каньяс, Твумаси, Нөсербаев, Деспотович.

Айта кетейік, "Астана" былтырғы жылы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде "Марибормен" кездесіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұтқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!