Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді

Фотография - Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді

Акцияның мақсаты – жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, салауатты және белсенді өмір салттарын насихаттау

322 0

Жетекші отандық командалардың басын қосқан «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы әлеуметтік жарнама әзірледі. Белгілі қазақстандық спортшылар бейнеленген плакаттарды қаланың адамдар көп жүретін жерлерінде орналасқан Astana Bike велопрокатының 110 станциясынан көруге болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның мақсаты – жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, салауатты және белсенді өмір салттарын насихаттау.

Астаналықтардың назарына қазақстандық спортшылардың, Astana Pro Team велокомандасы, "Барыс" хоккей клубы, "Астана" футбол клубы өкілдерінің, Astana Arlans боксшыларының, "Астана" баскетбол клубының ойыншыларының, Astana Motorsports ралли-рейдтері бойынша команда мүшелерінің суреттері ұсынылады.

Айта кетейік, аталған командалардың арқасында соңғы үш жылда Қазақстанның қоржыны жаңа спорттық жетістіктермен толыға түсті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!