Аргентинада алаңнан қуылған футболшы төрешіні атып өлтірді

Фотография - Аргентинада алаңнан қуылған футболшы төрешіні атып өлтірді

Қайғылы оқиға Аргентинаның Кордова қаласында болған

217 0

Аргентинада футболшы өзіне қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуған төрешіні атып өлтірді. Бұл туралы eurosport.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға Аргентинаның Кордова қаласында болған. Ойыннан қуылған ойыншы қатты ашуланып, мінез көрсеткен. Бірнеше минуттан кейін алаңға қайта оралған ол өзімен бірге алып келген қарумен төрешіні үш рет атқан. Салдарынан 48 жастағы маман Сезар Флорес қаза тапты.

Сонымен қатар, қаңғыған оқтан футболшы Вальтер Сарате де жарақат алды. Абырой болғанда, дәрігерлер оның өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрмағанын айтты.

Goal.com порталының хабарлауынша, оқиға орнынан із жасырып үлгерген қандықол футболшы әлі күнге құқыққорғаушыларға ұстатпай жүрген көрінеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!