Қазақ таэквондошылары халықаралық турнирде үш жүлдеге қол жеткізді

Фотография - Қазақ таэквондошылары халықаралық турнирде үш жүлдеге қол жеткізді

Аталған сайысқа Қазақстан негізгі құраммен қатысты

195 0

Таэквондодан Түркияда өткен Turkish Open халықаралық турнирінде Қазақстандық спортшылар үш медальді қоржынға салды. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Сайыс барысында 49 кило салмақта сынға түскен Айнұр Есбергенова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол Түркия, Бельгия және Хорватия спортшыларынан басым түсіп, финалда тағы бір түрік қызы Рукие Йылдиримге есе жіберді.

Сонымен қатар, 58 кило салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Алмас Мұқамыров қола медальді мойнына тақты. Алмас жартылай финалда палестиналық Абу Альрубуден жеңілген болатын. Өз кезегінде Палестина спортшысы осы салмақтың чемпионы атанғанын атап өткен жөн.

Қоржынға түскен үшінші медальді 74 килода бақ сынаған Ержан Абылқас алды. Жартылай финалда өзбекстандық спортшыға жол берген Ержан турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, аталған сайысқа Қазақстан негізгі құраммен қатысты. Құраманың көшбасшысы Нұрсұлтан Мамаев қана Түркиядағы додаға қатыса алмады. Ол бүгінде Филиппинде іріктеу турниріне дайындалуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!