Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қола медаль алды

Фотография - Элизабет Тұрсынбаева  жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қола медаль алды

Ол қысқа бағдарлама нәтижесінде екінші орында тұрған еді

449 0

Лиллехамерде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қола медаль алды, деп хабарлады Аламан.

Ол негізгі бағдарламада 108,77 ұпай алды. Ал күн бұрын қысқа бағдарламада 59,11 ұпай жинаған. Қоссайыс қорытындысы бойынша Тұрсынбаева 167,88 жинады.

Алтын мен күмісті ресейліктер Полина Цурская (186,04) мен Марина Сотскова (169,50) еншіледі.

Қазақстан Лиллехамердегі ойындарда екінші медалін иеленді. Осыған дейін биатлоншы Арина Пантова 6 километрлік спринтте қола алған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!