"Барыс" "Ак Барстан" жеңіліп, жағдайын қиындатып алды

Фотография - "Барыс" "Ак Барстан" жеңіліп, жағдайын қиындатып алды

Осылайша, "Барыс" биылғы маусымда 31-рет жеңіліп отыр

177 0

 Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты шеңберінде Астананың "Барысы" Қазанда жергілікті "Ак Барспен" кездесіп, 2:5 есебімен жеңілді. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Ойын айдын иелерінің айқын басымдығымен басталды. Кездесудің бар болғаны 3-минутында қазандықтар Джастин Азеведудің көмегімен есеп ашты. Арада 7 минут өткенде, Федор Малыхин есепті еселеді. Бұнымен де тоқтамаған "Ак Барс" хоккейшілері үзіліске дейін тағы бір шайба соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Атап айтқанда, 16-минутта Артем Лукоянов мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезең басталмай жатып, қарсыластарымыз төртінші шайбаларын соғып үлгерді. Нақты айтар болсақ, 22-минутта Малыхин дубльдің авторы атанды. Осы голдан кейін ес жиғандай болған "Барыс" 2 минуттың ішінде, яғни 25 және 27-минуттарда екі шайба соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлаған еді. Бұл голдардың авторлары – тиісінше Дастин Бойд пен Роман Старченко.

Алайда, ойынның 32-минутында "Ак Барс" сапынан Василий Токранов нәтижелі соққы жасап, командасының 5-шайбасын соқты. Қалған уақытта есеп өзгермей, Татарстанның командасы жеңіске жетті.

Осылайша, "Барыс" биылғы маусымда 31-рет жеңіліп отыр. Бүгінде қоржынында 83 ұпай бар командамыз Шығыс Конференциясында 9-орында тұр. Плей-офф жолдамасына таластағы басты бәсекелесіміз Нижнекамскінің "Нефтехимигі" бүгін сырт алаңда Тольяттидің "Ладасын" жеңіп, турнир кестесінде бір саты көтерілді. "Лада" әзірге 86 ұпаймен 8-орында тұр.

Енді лиганың тұрақты чемпионаты аясында бір ғана тур қалды. Ол турда "Барыс" Омбыда жергілікті "Авангардпен" сынға түседі. Ал "Нефтехимик" өз алаңында Уфаның "Салават Юлаевын" қабылдайды. Бұл кездесулер 18 ақпан күні өтеді.

Астаналықтардың плей-оффқа өтуден әлі де болса үміті үзілген жоқ. Ол үшін Андрей Назаровтың шәкірттеріне соңғы ойында жеңіп қана қоймай, "Нефтехимиктің" негізгі уақытта жеңілуін тілеуден басқа амалдары жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!