Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы кездесулері өтті

Фотография - Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы кездесулері өтті

Алғашқы кездесулерде бір команда айқын басым болды деуге келмейді, кездесу тағдыры қарымта ойындарда шешіледі

211 0

Чеипиондар лигасының топтық кезеңінен сүрінбей өткен Еуропаның азулы он алты командасы плей-оффқа аяқ басты. Бұл кезеңде қателесуге , жаңылысуға жол жоқ. Шалт қыймыл танытпасаң қарт құрлықтың ең мәртебелі турнирінен шет қаласың. Осыны жете түсінген Еуропаның алпауыттары  барын салары түсінікті. 

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойын күнінде париждік ПСЖ командасы өз алаңында "Челсиді" қабылдасы, португалиялық "Бенфика" ресейлік "Зенитпен" бақ сынасты. Қос ойында да алаң қожайындары бір доп айырмасымен жеңіске жетті. ПСЖ үшін жеңіс голын Эдинсон Кавани соқса, "Бенфикаға" жеңісті Жонастың жалғыз голы сыйлады. Қарымта кездесулер 9 наурызда өтеді. 

"ПСЖ" (Франция) — "ЧЕЛСИ" (Англия) – 2:1 

Париж. "Парк де Пренс" алаңы. Төреші: Карлос Карбальо (Испания).

Голдар: Ибрагимович 39 (1:0), Джон Оби Микел 45+1 (1:1), Кавани 78 (2:1)

Ескерту қағазын алды: Ибрагимович 19, Моура, 70, Луис 71 – Микел 38, Педро 67

"ПСЖ": Кевин Трапп, Маркиньос, Тиагу Силва, Давид луис, Максвелл, Тиагу Мотта, Марко Верратти 81 (Адриен Рабьо), Блез Матюди 81 (Хавьер Пасторе), Анхель Ди Мария, Златан Ибрагимович, Лукас Мора 74 (Эдинсон Кавани).

"Челси": Тибо Куртуа, Бранислав Иванович, Гэри  Кэхилл, Абдул Рахман Баба, Сесар Аспиликуэта, Джон Оби Микел, Сеск Фабрегас, Педро, Эден Азар 71 (Оскар), Виллиан, Диего Коста.



"БЕНФИКА" (Португалия) — "ЗЕНИТ" (Ресей) – 1:0
Лиссабон. "Эштадиу да Луж" алаңы. Төреші: Джанлука Рокки (Флоренция). Гол: Жонас 90+1 (1.0)
Ескерту қағазын алды: Алмейда 16, Жардел 35, Пицци 43, Жонас 90+2 – Витсель 32, Гарсия 59, Кришито 67
Алаңнан қуылды: Кришито 90
"Бенфика": Жулио Сезар, Андре Алмейда, Виктор Нильссон-Линделеф, Жардел, Элизеу, Андреас Сараис, Ренату Санчес, Луши Пицци 71 (Мехди Карсел-Гонсалес), Николас Гайтан, Жонас, Костас Митроглу 63 (Рауль Хименес).
"Зенит": Юрий Лодыгин, Александр Анюков, Эсекель Гарай, Николас Ломбертс, Доменико Кришито, Хави Гарсия, Аксель Витсель, Олег Шатов 81 (Юрий Жирков), Данни 87 (Маурисио), Халк, Артем Дзюба 74 (Александр Кокорин).





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!