Қазақстан құрамасы олимпиадада екі алтын алуға шамасы жетеді - Харри Капель

Фотография - Қазақстан құрамасы олимпиадада екі алтын алуға шамасы жетеді - Харри Капель

Бұл туралы бокстан Германия құрамасының бас бапкері Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына берген сұқпатында айтты

286 0

Бокстан Германия құрамасының бапкері доктор Харри Капель Қазақстанмен бірге өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына берген сұқпатында егжей- тегжей айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

- Сіздер неліктен жаттығу жиынын Қазақстанда өткізгенді қаладыңыздар?

- Қазақстан құрамасымен бірлесіп оқу-жаттығу жиыны өткізу алдағы Рио олимпиадасына іріктеу алдында  біз үшін үлкен тәжірибе. Себебі, Қазақстан бокс мектебі көптеген олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шықты.Қазақстанның жеңісті дәстүрі біздің елімізге  үлгі бола алады. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасы әлемде мықты құрамалардың қатарында екені дау тудырмайды.

-AIBA ның Алматыдағы бокс академиясындағы боксшыларға жасалған жағдай көңіліңізден шықты ма?

-Бәрі жоғарғы деңгейде. Алматы тауларында боксшылардың әлемдік жарыстарға дайындығына барлық жағдай жасалған. Сондай ақ, ірі жарыстардан кейін боксшыларды қалпына келтіру жағы да қарастырылған


-Германия құрамасының алдағы олимпиада ойындарында алға қойған мақсаты қандай ?

Боксшылардың олимпиада ойындарына жақсы формада келуі басты көздеген масатымыз. Біздің құрама төрт жылдықтың басты жарысына үш жолдама жеңіп алды. Тағы бірнеше спортшымыз жолдамаға қол жеткізіп Бразилия жерінде Германия намысын қорғайды деп сенеміз. Егер біздің боксшыларымыздың екеуі Рио олимпиадасында үздік үштікке енсе біз үшін үлкен табыс болар еді.

Фото -

-Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының мүмкіндігі туралы айта кетсеңіз?

-Қазақстан құрамасы өте мықты.Жоғарыда айтқанымдай мұның бәрі сіздердің елдеріңізде жақсы бокс мектебі қалыптасқандықтан . Дәл бүгінгі таңда Қазақстан, Өзбекстан және Куба мемлекеттері әуеской бокста үстемдік құрып тұр.Егер олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының мүмкіндіктері туралы айтар болсақ,менімше,екі алтын алу қазақ жігіттерінің қолынан келетін іс. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!