Досжан Қартықов Азия чемпионы атанды

Фотография - Досжан Қартықов Азия чемпионы атанды

Тағы бір жерлесіміз Асхат Жаңбыров күміс жүлдеге қол жеткізді

418 0

Тайланд астанасы Бангкокта күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. 75 келіде белдескен Досжан Картиков Азия чемпионы болса, Асхат Жаңбыров (66 келі) күміс жүлдегер, Асхат Ділмұхамедов (80 келі) қола медаль алды, деп хабарлады Аламан.

66 келідегі Асхат Жаңбыров алғашқы  белдесуінде Вон Чхольды (Корея) ұтты, ширек финалда Чимоямаданы (Жапонияны) жеңіп, жартылай финалда өзбек Арам Варданяннан басым түсті.Финалдық белдесуде кәріс Гуик Чолдан жеңіліп қалды.

75 келі салмақтағы Досжан Картиков финалға дейін тайпейлік Вен-Сун Линді , ширек финалда түрікмен Шермет Перменовті , жартылай финалда Абдех Салех Боюри Паямды ұтып финалға долдама алды. Финалдық кездесуде өзбек балуаны Дилшоджан Турдиевпен кездесіп айқын басымдықпен жеңіске жетті.

80 келідегі Лондон Олимпиадасының қатысушысы Асхат Ділмұхамедов бірінші іріктеу белдесуінде Джин Хек Кимді (Корея) 4:0 есебімен жеңгенімен, ширек финалда ирандық Рами Султанмурадтан ұтылды. Есеп 3:3 болғанымен, ирандық балуанның мерейі үстем болды. Султанмурадтың финалға шығуы арқылы Ділмұхамедов жұбаныш белдесуге мүмкіндік алды. Өз кезегінде Ділмұхамедов Юя Матеаны (Жапония) жеңіп қолаға күресті. Қола медаль үшін болған белдесуде ветьнамдық балуанды 8:0 нәтижесімен жеңді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!