Қонақтар жеңіске жеткен күн

Фотография - Қонақтар жеңіске жеткен күн

Чемпиондар лигасында Роналду биылғы маусымда өзінің он екінші голын соқты

227 0

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі кездесулер өз жалғасын тапты. Осы турнирдің басты фавариттерінің бірі "Реал" Италия астанасы Римге қонаққа барып жеңіске жетті. Римдік "Рома" Зиданның чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуінде қонақтарға айтарлықтай қарсылық таныта алмады. Олардың қолынан келгені ойынның бірінші бөлігінде қақпаларына гол жібермеу ғана болды. Ал ойынның екінші таймында "Реал" үшін Роналду мен Хесе гол соғып ширек финалға жақындата түсті. Лучано Спаллетти баптайтын "Рома" ендігі жерде "Реалдың" алаңында екі доп айырмашылықты қысқарта алады дегенге сену қиын. Қарымта кездесу 8-наурызда "Сантьяго Бернабеуде" өтеді.

"Рома" (Италия)  — "Реал" (Испания) – 0:2 (0:0)

Рим. "Олимпико» алаңы. Төреші: Павел Краловец (Чехия). 

Голдар: Роналду, 57 (0:1), Хесе, 86 (0:2)

Ескерту қағазын алғандар: Варан 62, Рамос 85

"Рома": Войцех Щесны, Люка Динь, Антонио Рюдигер, Костас Манолас, Алессандро Флоренци 87 (Франческо Тотти), Раджа Найнгголан, Вильям Ванкер 77 (Даниэле Де Росси), Миралем Пьянич, Диего Перотти, Мохаммед Салах, Стефан Әл-Шаарави 64 (Эдин Джеко).

"Реал Мадрид": Кейлор Навас, Даниэль Карвахаль, Рафаэль Варан, Серхио Рамос, Марсело, Тони Кроос, Лука Модрич, Хамес Родригес 82 (Хесе), Иско 64 (Матео Ковачич), Криштиану Роналду 89 (Каземиро), Кәрім Бензема.


Фото -

Тағы бір кездесу Бельгия жерінде өтті. Бұл ойында да қонақтар, яғни, "Вольфсбург" ойыншылары жеңіске жетті. "Гент" клубын чемпиондар лигасынын бұл кезеңінде күткендер тым аз еді. Бельгиялық команда топтық кезеңде "Лион" мен "Валенсия" клубтарындағы сәтсіз кезеңді ұтымды пайдаланып топтан "Зениттен" кейін екінші орынмен шыққан. Плей-офф кезеңінде жеребе де сәтті түсіп Еуропаның алпауыттары "Барселона", "Бавария", "Реал"  клубтарына емес "Вольфсбургқа" түскен соң ширек финалға шығу да аса қиын шару еместей көрінген. Алай да неміс командасы да осалдардың қатарынан емес еді. Сырт алаңда ойнап жатқанына қарамастан шабуылға иек артқан қонақтар қарсылас қақпасына үш гол соғып ойында басымдыққа ие болған. Юлиан Дракслер ойынның 44- минутында есеп ашса, араға он минут салып екінші голын да  соғып кеткен. Оның әріптесі  Макс Крузе есепті 0-3 ке жеткізгенде бұл теке – тірестің нәтижесі белгілі болғандай көрінген. Алайда, "Гент" командасының ойыншылары естерін жинап қонақтар қақпасына екі гол соға алды. Нәтижелігімен көзге түскен Свен Кумс пен Калифа Кулибали. Бұл екі голдан соң 8 наурыз күні Германияда өтетін қарымта кездесуде "Гент" аяқдопшыларына келесі кезеңге өтуге азғана болса да мүмкіндік пайда болғандай. 

"Гент" (Бельгия) —  "Вольфсбург" (Германия) – 2:3 (0:1)

Гент. "Артевельдестадион". Төреші: Свейн Моэн (Норвегия).

Голдар: Дракслер, 44 (0:1); Дракслер, 54 (0:2); Крузе, 60 (0:3); Кумс, 80 (1:3); Кулибали, 89 (2:3)

Ескерту қағазын алды: Кумс 59 – Густаво 47, Виейринья 48


"Гент": Матц Зельц, Стефан Митрович, Нана Асаре, Лассе Нильсен, Ренато Нето, Свен Кумс, Брехт Деягере, Томас Фокет, Даниел Миличевич 61 (Кеннет Сайеф), Лоран Депуатр 80 (Калифа Кулибали), Моузес Саймон 60 (Томас Маттон).

"Вольфсбург": Кун Кастеелс, Данте, Себастьян Юнг 45+1 (Андре Шюррле), Робин Кнохе, Рикардо Родригес, Вийеринья 79 (Марсель Шефер), Юлиан Дракслер, Кристиан Треш, Луис Густаво, Максимиллиан Арнольд ,Макс Крузе 90+2 (Леандро Путаро).




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!