"Барыс" клубы өз тарихында бірінше рет плей-оффқа өте алмады

Фотография - "Барыс" клубы өз тарихында бірінше рет плей-оффқа өте алмады

"Барыс" соңғы ойында "Авангардты" жеңгенімен, плей-оффқа өте алмады

234 0

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты шеңберінде Астананың "Барысы" биылғы маусымдағы соңғы кездесуін өткізді. Омбыда Шығыс конференциясының көшбасшысы, жергілікті "Авангардпен" сынға түскен елордалықтар ойын соңындағы буллит арқылы жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталып, буллиттер сериясында біздің команда басымдық танытты. Алайда, бұл басымдық "Барыстың" турнирдің плей-офф сатысына жолдама алуына жеткіліксіз болды. Осылайша, астаналықтар Құрлықтық хоккей лигасына қатысқалы бері алғаш рет плей-оффқа өте алмады. Себебі, осы жеңістен кейін Андрей Назаровтың командасы қоржынындағы ұпайын 85-ке жеткізгенімен, басты бәсекелесі – Нижнекамскінің "Нефтехимигін" басып оза алмады.

"Авангардпен" болған ойында айдын иелері есеп ашты. Атап айтқанда, 9-минутта Алексей Глухов мергендігіме көзге түссе, 14-минутта Артур Лаута есепті еселеді. Үзіліске 3 минут қалғанда "Барыс" сапынан Роман Старченко гол соғып, қонақтар бір голдың қарымтасын қайтарды. Ал екінші кезеңде, нақты айтсақ, 32-минутта Брэндон Боченски қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірді.

Овертайда бірін-бірі ала алмаған қарсыластар буллиттер сериясына жүгінді. Бұл сында "Барыстың" жолы болды. Астаналықтар маусымды Шығыс конференциясының турнир кестесінде 9-орынмен аяқтағанын атап өткен жөн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!