Алексей Ни: Медаль алу – басты мақсат емес

Фотография - Алексей Ни: Медаль алу – басты мақсат емес

Ауыр атлетикадан елдің бас бапкері Алексей Нидің уайымы – допинг дауынан абыроймен шығу.

217 0

Рио олимпиадасының басты мақсаты – медаль алу емес, дау-дамайсыз өнер көрсетіп қайту. Қазақстан зілтеміршілері құрамасының бас бапкері Алексей Ни осылай деп мәлімдеді.

Әзірге Қазақстан спортшыларының еншісінде 12 спорт түрі бойынша 48 жолдама бар. Бірақ бапкерлер жолдама саны бұдан да көп болатынына күмәнданбайды. Ауыр атлетикадан елдің бас бапкері Алексей Нидің уайымы – допинг дауынан абыроймен шығу.

"Біздің құрама алдында олимпиадада допинг дауынсыз өнер көрсету мақсаты тұр. Нөмірі бірінші мақсат – дауға қалмау, ал медаль алу – екінші орында", - дейді Алексей Ни.

Еске салсақ, өткен жылы қазақстандық үш бірдей ауыр атлет тыйым салынған препарат қолданды деп, күдікке ілінді. Бразилияда ел намысын қорғайтын зілтеміршілердің құрамасы маусымда өтетін ел біріншілігінде анықталады.

astanatv.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!