Головкин мен Уэйд "көзбен атысты"

Фотография - Головкин мен Уэйд "көзбен атысты"

Бұл рәсім Нью-Йоркте ұйымдастырылған баспасөз мәслихатынан соң өткен.

187 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен американдық боксшы Доминик Уэйд дәстүрлі "көзбен атысу" рәсімін өткізді, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы Vesti.kz–ке сілтеме жасап.

Бұл рәсім Нью-Йоркте ұйымдастырылған баспасөз мәслихатынан соң өткен.

Головкин мен Уэйдтің 23 сәуір күні кездесетіні бұған дейін хабарланған болатын. Головкин осы жекпе-жекте WBA титулын он алтыншы рет, IBO титулын он үшінші мәрте, ал, WBC (Interim) титулын төртінші рет қорғайды. Қазақстан боксшысы осы кездесуде сондай-ақ, IBF титулын да алғаш рет қорғамақ. Ол кәсіби рингте 34 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен, 31 кездесуді мерзімінен ерте аяқтаған. Ал, қарсыласы Уэйд – 18 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған боксшы. Оның жеңіс қоржынында 12 нокаут бар.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!