Нибали "Оман" турында жеңіске жетті

Фотография - Нибали "Оман" турында жеңіске жетті

"Астана" командасының тағы бір мүшесі Якоб Фульсанг үштіктен көрінді

141 0

Кеше велоспорттан "Оман" туры аяқталды.Финалдық кезеңде норвег Александер Кристофф ("Катюша") жеңіске жетті. Бельгиялық Зико Вэйтенс екінші, дат шабондозы Сёрен Краг үштікті қорытындылады. "Астана" командасынан үздік нәтижені Якоб Фульсанг көрсетті. Ол мәреге алтыншы келді, деп жазды Baq.kz.

Ал жалпы командалық есепте "Астана" командасының капитаны Винченцо Нибали топ жарды. Француз Ромен Бардеге екінші орын бұйырса, тағы бір "Астана" командасының мүшесі Якоб Фульсанг үштіктен көрінді.

"Оман" туры. Алтыншы кезең.

The Wave Muscat – Matrah Corniche. 130.5 шақырым

1. Александер Кристофф (Норвегия, "Катюша") – 3:01:18
2. Зико Вэйтенс (Бельгия, "Giant-Alpecin")
3. Сёрен Краг (Дания, "Giant-Alpecin")

17. Якоб Фульсанг (Дания, "Астана")
21. Винченцо Нибали (Италия, "Астана")
64. Андрей Гривко (Украина, "Астана") – +0:15
67. Валерио Аньоли (Италия, "Астана")
68. Микеле Скарпони (Италия, "Астана")
96. Диас Омирзаков (Қазақстан, "Астана") – +0:54
105. Артем Захаров (Қазақстан, "Астана") – +1:38

Жалпы командалық есеп:

1. Винченцо Нибали (Италия, "Астана") – 2:25:25
2. Ромен Барде (Франция, "AG2R") – +0:15
3. Якоб Фульсанг (Дания, "Астана") – +0:24

30. Андрей Гривко (Украина, "Астана") – +8:23
34. Микеле Скарпони (Италия, "Астана") – +10:23
51. Валерио Аньоли (Италия, "Астана") – +16:30
106. Артем Захаров (Қазақстан, "Астана") – +36:08
126. Диас Өмірзаков (Қазақстан, "Астана") – +46:20.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!