Элизабет Тұрсынбаева: жарақат кесірінен бұл жарысқа қатыспауым да мүмкін еді

Фотография - Элизабет Тұрсынбаева: жарақат кесірінен бұл жарысқа қатыспауым да мүмкін еді

Қазақстан спортшысы Норвеияда өткен жастар Олипиядасынан қола жүлдемен оралды

614 0

16 жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Today.kz  тілшісіне берген эксклюзивті сұқбатында өзінің жастар Олимпиядасына дайындығы мен Лиллехамерде қола жүлдеге ие болғаннан кейін қандай күйде болғаны жайында айтып берді.

- Көңіл күйім орнына түсті, қазір бәрі тыныш, - дейді Элизабет. – Мен ойша алдағы жарыста жүрмін. Алдағы турнир туралы, қайтып келген соң қалай жаттығатынымды ойлап жүрмін. Жалпылай алғанда жаман емес, дегенмен сәл жақсырақ өнер көрсетуіме болар еді. Жастар Олимпиядасы қарсаңында менде жарақат болды да дайындық ауыр тиді, Жаттығулар қажетті деңгейде болмады. Мен өз бағдарламама жарыс басталардан бір апта бұрын ғана дайындала бастадым, сондықтан, қола жүлде – жаман көрсеткіш емес деген ойдамын.

- Жарақатыңыз қаншалықты ауыр болды?

- Алдымен аяғым, содан кейін арқам ауыра бастады. Мен дайындықты кеш бастағандықтан, жарысқа бармай-ақ қою туралы ойлар да болды. Мен конькиді аяғыма кие алмадым, бұл өте ыңғайсыз болатын. Біз не істерімізді білмей дағдардық, бірақ Құдайға шүкір, дәрігерлер көмектесті,  Торонтодағы жаттықтырушы көмектесіп, аяққа тұрып кеттім.

- Жастар Олимпиядасында сізден медаль күтті, жауапкершілікті сезіндіңіз бе?

- Қатты толғаныс болған жоқ, мұзға шығар алдында жиналуға тырысатынмын. Қазақсатанда мен әр жарысқа шыққан сайын жүлделер мен жоғары көрсеткіштер күтетінін білемін. Сондықтан бар күш-жігерімді бағдарламамды жақсы орындап шығуға жұмсаймын, ары қарайғысын уақыт көрсетеді.

- Өзіңіздің Ресейлік бәсекелестеріңіз туралы не айтасыз, оларды жақсы білетін боларсыз?

- Олар өте жақсы сырғанайды, тұрақты көрсеткіштерге ие және мен үшін олар үлкен бәсекелес. Жастар арасындағы әлем чемпионатында да бәсекелестігіміз жалғаса бермек, сонымен қоса жапондық, американдық, кореялық қыздар да қосылады – әлем чемпионатындағы құрамалар жастар Олипиядасындағыдан мықтырақ болады деп ойлаймын.

- Ересектер арасындағы алғашқы маусымыңыз сіз үшін қалай өтуде?

- Өзімді жақсы сезінудемін, ешқандай шаршаңқылық жоқ. Оның үстіне басты жарыстар әлі алда. Сондықтан маған босаңсуға болмайды.

- Бағадарламаңызды күрделендіруді, қандайда бір элементтер қосуды жоспарлап жүрген жоқсыз ба?

- Әзірге бағдарламаны күрделендірмейміз, менің ойымша, бар элементтерді жетілдіруім керек. Мен қысқа бағдарламамды ғана ауыстырдым, маусымды басқа бағдарламамен бастадым.

- Жастар Олимпиядасына барғанда қандай сезімде болдыңыз? Онда сізге барлығы ұнады ма?

- Әлемнің әр түпкірінен келген жас спортшылар көп болды, ол жерде өте көңілді және барлығы бір біріне оң көзқараста болды. Біз Хамарадағы қонақүйде аялдадық. Ол жерде бізде арнайы ойын аумағы болды, ол жерде басқа да  жарысқа қатысушылармен араласып, жарыстан кейін дамылдап алуға болатын еді. Ас мәзірі де ұнады, онда спортшыларға пайдалы әрі өте дәмді тағамдар көп болды, Норвегияның балығы мен сүт тағамдары ұнады.

- Жақын уақытта қандай жарыстарда өнер көрсетесіз?

- Менің бұл маусымда екі маңызды жарысым қалды. Алдымен Венгриядағы жастар арасындағы әлем чемпионатында, бір аптадан кейін ересектер арасындағы Бостнондағы әлем біріншілігінде өнер көрсетуді жоспарлап отырмын.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Лиллехаммерде тек ресейлік Полина Цурскоя мен Мария Сотсковояға ғана есе жіберді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!