Елордада бокстан әйелдер арасында ел біріншілігі басталады

Фотография - Елордада бокстан әйелдер арасында ел біріншілігі басталады

Астана мен Алматы қалаларынан жиналған 85 боксшы 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі

286 0

Бүгін Астанада бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты жалауын желбіретеді. Еліміздің облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан жиналған 85 боксшы 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бастысы, қыздар мұнда алтын емес, әлем чемпионатына жолдама жеңіп ала алады, ал келешекте Олимпиада лицензиясы да бар. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша бапкерлер кеңесі әлемдік додада Қазақстанның намысын қорғайтын команда құрамын анықтайды.

Әлем чемпионаты елордада үш айдан кейін, яғни 19 мамырда басталады. Олимпиадалық салмақ дәрежесінде (51, 60 және 75 келі) бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері арасында бәсеке күшті болатыны сезіліп-ақ тұр", - деп мәлім етті Қазақстан бокс федерациясынан.

Федерацияның мәліметінше, ел біріншілігіне ұлттық құрама командасының барлық дерлік боксшысы қатыспақ. Олардың қатарында Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Мадина Нұршаева, Мөлдір Базарбаева және жастар құрамынан ересектер дивизионына енді ғана өткен Балауса Муздиман, Ангелина Лукас және тағы басқалары бар.

Чемпионаттың ашылуы "Дәулет" спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді, көрермендер үшін кіру тегін. Жекпе-жектердің онлайн-трансляциясын ҚБФ сайтынан тамашалай аласыздар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!