Олимпиада жолдамасына таласатын он екі боксшының есімі белгілі болды

Фотография - Олимпиада жолдамасына таласатын он екі боксшының есімі белгілі болды

Олардың арасында жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов те бар

335 0

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Рио Олимпиадасының жолдамасына үміткер боксшылардың есімдерін атады, деп хабарлады Аламан.

-Дәл қазіргі сәтте бізде төрт жолдама бар (60 келі — Берік Әбдірахманов, 69 келі — Данияр Елеусінов, 91 келі — Василий Левит және 49 келі — Біржан Жақып). Алдағы уақытта Олимпиадаға жолдама үлестіретін үш жарысқа алты салмақ бойынша қатысамыз. Бәсекелестік өте жоғары. Бір салмақтың өзінде үш-төрт боксшы бар. Солардың арасынан әр салмаққа екі боксшыдан таңдап алдық. Аталған боксшылар жолдама үшін болатын жарыстарға қатысады,- деді Мырзағали Айтжанов қазақстандық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Сонымен "Айтжанов тізіміне" енген боксшылармен таныс болыңыз.

52 келі – Ілияс Сүлейменов пен Олжас Сәттібаев

2015 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында Сәттібаев алтын алды. Ал Дохадағы Әлем чемпионатында ширек финалда Қытай боксшысынан жеңілді.

56 келі – Қайрат Ералиев пен Мейірболат Тойытов

Соңғы Азия чемпионатында Ерәлиев қола медаль алды. Әлем чемпионатында алғашқы кездесуінде жеңілді.

64 келі – Абылайхан Жүсіпов пен Алмасбек Әлібеков

Бұл салмақта соңғы Әлем чемпионатына ешкім қатыспады. Жүсіпов Венгрияда өткен халықаралық жарыста алтын алды.

75 келі – Жәнібек Әлімханұлы мен Әбілхан Аманқұлов

2015 жылы Азия және Әлем чемпионатында Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп, жүлдесіз қалған.

81 келі – Әділбек Ниязымбетов пен Әли Ахметов

Азия чемпионатында Ниязымбетов алтын алды. Ал Әлем чемпионатында өзбек Елшод Расуловтан ширек финалда ұтылды.

+91 келі – Иван Дычко мен Қамшыбек Қоңқабаев

Иван Дычко — соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Әлем чемпионатында финалда француз Тони Йокадан жеңіліп Олимпиада жолдамасынан қағылған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!