"Ақтөбе" футбол клубын украиналық екі легионер сотқа берді

Фотография - "Ақтөбе" футбол клубын украиналық екі легионер сотқа берді

"Ақтөбе" құрамында ойнаған украиналық Сергей Ковальчук пен Алексей Антонов Швейцариядағы төрелік сотқа шағымданыпты.

283 0

"Ақтөбе" футбол клубын украиналық екі легионер сотқа берді. Шетелдіктерге команда бірнеше миллион теңге берешек екен. Дегенмен, клубтың жаңа басшылары оған бас қатырып отырған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені, жалақыны аймақ басшысы қаржыны оңды-солды шашқан бұрынғы басшылардан дауласын деген бұйрық беріпті. Әйтсе де, Бердібек Сапарбаевтың өзі шақыртқан жаңа директор жанкүйерлерге жақпай отыр.

"Ақтөбе" құрамында ойнаған украиналық Сергей Ковальчук пен Алексей Антонов Швейцариядағы төрелік сотқа шағымданыпты. Олар арыздарында "Ақтөбеден" қарыздарын ала алмай, құр қайтқандарын айтқан. Ал клуб басшылығы ол жайында енді естіп отыр.

"Енді олар қыруар берешекті сұрап арызданған. Біз ол туралы өткен аптада білдік. Басқа да ойыншылар осылай шағымданатын болар. Әлі талай тосынсыйларды күтіп отырмыз", - дейді "Ақтөбе" ФК бас директоры Дмитрий Васильев.

Васильевтің бұл арызға басы ауырып отырған жоқ. Өйткені облыс әкімі өткен жылдан қалған қарыздың барлығын бұрынғы клуб басшыларының мойнына ілуді бұйырған. Сондықтан төрелік сотта аймақтың бас ревизоры Сағат Еңсегенұлынан бастап жауап беретін болады. Ал Сапарбаевтың өзі шақыртқан жаңа директор әзірге жанкүйерлерге жақпай отыр. Себебі команданың негізгі құрамындағы ойыншылар кетіп қалған.

Қаншама жылдан бері үштіктен көрініп келе жатқан "Ақтөбе" биыл тізімнен түсіп қала ма деп те қорқады жанкүйерлер. Себебі жаңа басшы қазынаның қаржысын үнемдеу үшін сатып алатын ойыншының тәжірбиесінен гөрі бағасына мән беретін болған. Дегенмен, кем дегенде төртінші орынға жайғасамыз деген сенімде отыр клуб директоры. Өйткені облыс әкімінің тапсырмасы солай.

КТК арнасы



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!