"Манчестер Сити" сырт алаңда жеңіске жетті

Фотография - "Манчестер Сити" сырт алаңда жеңіске жетті

"Динамо" (Киев, Украина) – "Манчестер Сити" (Манчестер, Англия) 1:3

200 0

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы шеңберінде тағы екі ойын ойналды. Украинаның "Динамосы" өз алаңында Англияның "Манчестер Сити" командасынан 1:3 есебімен жеңілсе, ПСВ – "Атлетико" матчында гол соғылған жоқ. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

"Динамо" (Киев, Украина) – "Манчестер Сити" (Манчестер, Англия) 1:3

Голдар: Виталий Буяльский 58 – Серхио Агуэро 15, Давид Сильва 40, Яя Туре 90.

Украина астанасы – Киев қаласындағы "Олимпийский" стадионында өткен бұл кездесуде ағылшындардың фаворит болғаны сөзсіз. Соған қарамастан "Динамо" ойыншылары айтарлықтай қарсылық көрсетті. Матчтың есебі 15-минутта ашылды. Яя Туреден пас алған "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Серхио Агуэро алғашқы голдың авторы атанды. Ал үзіліске 5 минут қалғанда Давид Сильва мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді.

Екінші таймда, дәлірек айтқанда 58-минутта алаң иелері Виталий Буяльскийдің көмегімен бір доп соғып, есеп айырмасын қысқартқан болатын. Дегенмен, киевтіктердің таразы басын теңестіруге шамалары жетпеді.

Ойынның нүктесін 90-минутта Яя Туре қойды. Фернандиньодан пас алған ол жойқын соққы жасап, қарсыластар қақпасына үшінші допты енгізді.

Осылайша, сырт алаңда екі доп айырмасымен жеңіске жеткен англиялықтар ширек финал мәселесін жартылай шешіп қойды. Енді командалар 16 наурызда "Манчестер Ситидің" алаңында қарымта кездесу өткізеді.

ПСВ (Эйндховен, Нидерланды) – "Атлетико" (Мадрид, Испания) 0:0

Бұл ойында "Атлетико" барлық статистикалық көрсеткіш бойынша басым болды. Топтық кезеңде "Астанамен" бір топта болған испаниялықтар ойын барысында 11 рет қарсыластар қақпасын нысанаға алған екен. Ал алаң иелері 5 соққымен қарымта қайтарды. Сондай-ақ, допқа иелік ету көрсеткіші бойынша да қонақ команда озық болды (59 % – 41%). Алайда, "Атлетико" ойыншылары ПСВ-ның сауатты қорғанысын бұзып өте алмады.

Одан бөлек, 68-минутта алаң иелері сапынан Гастон Перейроның екінші ескертуіне байланысты алаңнан қуылғанын ескерсек, Испаниядан келген команданың жеңіске жету мүмкіндігі қаншалықты жоғары болғанын аңғарамыз. Дегенмен, 10 ойыншымен жүріп қақпаларына гол жібермеген нидерландылықтар өз жанкүйелері алдында намысты қолдан бермеді. Аталған матчтың тағдыры 16 наурызда Мадридте өтетін қарымта кездесуде шешіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!