"Қайрат" ФК Аршавин мен Комбаровқа қызығушылық танытып отыр

Фотография - "Қайрат" ФК Аршавин мен Комбаровқа қызығушылық танытып отыр

"Қайрат" клубының президенті Андрей Аршавин мен Дмитрий Комбаровты командаға алу туралы келіссөздердің жүріп жатқанын жеткізді.

299 0

Алматының "Қайрат" футбол клубы Ресей футболшыларына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына "Қайрат" клубының президенті Қайрат Боранбаев мәлім етті. Яғни Боранбаев ресейліктер Андрей Аршавин мен Дмитрий Комбаровты командаға алу туралы келіссөздердің жүріп жатқанын жеткізді. 

"Аршавин мен Комбаров – ұлттық құрама деңгейіндегі футболшылар. Футболшыларды алуда өзіміздің жеке талаптарымыз бар. Біз олардың жоғары деңгейдегі ойыншылар екеніне сенімдіміз. Қазір футболшылармен келіссөз мәселелері жүргізіліп жатыр", - дейді Боранбаев. 

Одан бөлек, Боранбаев мырза тағы бір ресейлік футболшы Марат Измайловқа да ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Бірақ футболшы дәл қазір португалиялық клубпен келісімшартты үзе алмайтынын жеткізген, деп жазады alaman.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!