Астанада бокстан өткен қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды

Фотография - Астанада бокстан өткен қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды

Жарысқа 85 боксшы қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті

755 0

Қазақстан телеарнасының хабарлауынша, оған еліміздің 14 облысымен Астана және Алматы қалаларынан 85 боксшы қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Енді, бапкерлер Ұлттық құрама тізімін жасақтап, мамыр айында өтетін бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатына дайындықтарын бастайды. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасына жолдама беруші турнирлерге қатысады.

Финалдық кезеңнің техникалық нәтижелері:

48 кг: Әлина Тұрлыбаева (Павлодар обл) – Алуа Балқыбекова (Жамбыл обл) 2:0

51 кг: Жайна Шекербекова (ОҚО) – Назым Қызайбай (Алматы) 0:2

54 кг: Рано Пархатова (Алматы) – Дина Жоламан (Ақмола обл) 0:3

57 кг: Сәния Сұлтанқызы (Астана) – Оксана Королёва (Қарағанды обл) 2:0

60 кг: Назым Ишанова (Атырау обл) – Римма Волосенко (Астана) 3:0

64 кг: Әлия Әбдірайымова (Астана) — Мәдина Нұршаева (ОҚО) 0:2

69 кг: Зура Құсайнова (Павлодар обл) – Валентина Хальзова (Астана) 0:3

75 кг: Дариға Шәкимова (Алматы) – Фариза Шолтай (Жамбы обл) 3:0

81 кг: Юлдуз Маматқұлова (Жамбыл обл) – Мөлдір Базарбаева (Ақмола обл) 3:0

+81 кг: Ләззат Күнгейбаева (Астана) – Умида Садықова (Алматы обл) 3:0



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!