"Астана Арландары" өзбек боксшыларынан ұтылып қалды

Фотография - "Астана Арландары" өзбек боксшыларынан ұтылып қалды

Өзбек пен қазақ боксшылары арасындағы теке тірес 4-1 есебімен алашапандылардың пайдасына шешілді

376 0

Қазақстандық "Astana Arlans" кәсіпқой бокс клубы Бұкіләлемдік бокс сериясындағы кезекті матчын Өзбекстанда өткізді, деп хаабрлады Аламан.

Бақтияр Артаевтің жеке бапкері болған Нұрлан Ақүрпеков биылғы маусымда қазақстандық клубты жаттықтырып жүр. Биылғы маусымда "Астана арландары" алғашқы кездесуін "Баку оттарына" қарсы өткізіп жеңіске жеткен.

"Uzbek Tigers" командасына қарсы сырт алаңда Теміртас Жүсіпов (49 кг) Хасанбой Дусматовқа жеңіліп қалды — 0:3 (45:50, 45:50, 45:50). Мейірболат Тоитов (56 кг) Абдулхая Шарахматовқа қарсы кездесуде жігерлік таныта алмады — 0:3 (45:50, 45:50, 45:50). Ал Асхат Уалиханов (64 кг) жалпы матчтың тағдырын шешіп, Фазлиддин Мелибоевке айқын басымдылықпен жеңіліп қалды  — 0:3 (46:49, 46:49, 46:49). Бұл кездесуде қазақстандық клуб сапынан Мейірім Нұрсултанов (75 кг) Хуршида Норматовпен болған кездесуде жеңіске жетіп, астаналық клубты нөлдік нәтижеден аман алып қалды — 3:0 (48:47, 48:47, 48:47). Ауыр салмақта Еркін Мухамеджан (91 кг)  Мирзабек Хасановқа жеңілді — 0:3 (47:48, 47:48, 47:48).

Естеріңізге сала кетейік, "Астана арландары" келесі кездесуін 4 наурыз күні сырт алаңда "Баку оттарына" қарсы өткізеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!