Алматыдағы тұғырдан шаңғымен секіру Әлем Кубогінің қысқы кезеңі аяқталды

Фотография - Алматыдағы тұғырдан шаңғымен секіру Әлем Кубогінің қысқы кезеңі аяқталды

150-ге жуық спортшы әлемнің 15 елінен Алматының "Сұңқар" халықаралық кешенінде бақ сынады.

680 0

26-28 ақпан аралығында Алматы қаласында тұғырдан шаңғымен секіру бойынша Әлем Кубогінің қысқы кезеңі аяқталды. 150-ге жуық спортшы әлемнің 15 елінен "Сұңқар" халықаралық кешенінде бақ сынады. 

Жарыстың бірінші күні әйелдер арасында Жапон елінен келген Сара Таканаши 252,6 нәтижелі көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды Австиря елінің өкілдері – Даниэла Ирашко-Штольц(245,3) және Жаклин Зайфридсбергер(239,2) өзара бөлісті.

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында әлем кубогінің кезеңінде Жапондық Сара Таканаши екінші мәрте жеңімпаз атанды. Ол 236,9 нәтижесіне қол жеткізді. Австирялық Даниэла Ирашко-Штольц(234,7) екінші, Втич Майе(233,9) үшінші орынға жайғасты. 

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке

Ерлер арасында жарыстың бірінші Словения елінің өкілі Петер Превц 272,7 нәтиесімен жеңіс тұғырына көтерілді. Австриялық Михаэль Хайбек(254,7) екінші, Германия елінің өкілі Зеверин Фройнд(252) үшінші орынды қанағат тұтты.

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке

Екі Әлем Кубогінің абсолютті жеңімпазы словендік Петер Превц: "Жалпы, "Сұңқар" кешені мен үшін жаңа алаң. Және ол маған қатты ұнады. "Сұңқар" кешенінің әлемдегі үздік трамплиндердің біріне жататыны бекер емес. Құрылысы Планицедегі кешенге өте ұқсас. Сондықтан да маған еш қиындық тудыра қоймады",-деді.

Сонымен қатар Петер Превц жас спортшыларға кеңес берді: "Қазақстандық жас спортшыларға үнемі әрі тыңғылықты жаттығу керек екенін айтқым келеді. Бүгінгідей халықаралық дәрежедегі жарыстар жастар арасында спорттың дамуына үлкен септігін тигізеді".

Баспа-сөз маслихаты барысында Ұйымдастырушы комитетінің бас хатшысы Павел Новиков Халықаралық шаңғы спорты федерациясына алғысын білдірді.

"Бірінші кезекте Халықаралық ассоциацияға Әлем Кубогінің кезеңін өткізуді сеніп тапсырғандары үшін алғыс айтқым келеді. Менің ойымша біз өз тапсырмамызды өте жақсы орындай алдық. Біз жарысқа қолайсыз ауа-райын байқадық. +20° көрсеткішінде қысқы кезеңді өткізу өте қиын. Бірақ біз бұл мәселені шеше алдық. Және мен үлкен сеніммен осы кешеннің кез келген дәрежедегі жарысты,оның ішінде Универсиаданы да, қабылдай алатынын айтқым келеді", - деді Павел Новиков.

Өз кезегінде Универсиаданы өткізу және дайындық Дирекциясының басшысы Әсет Әбдуалиев Әлем Кубогінің қысқы кезеңі Универсиада алдындағы тестік жарыс екенін айтып өтті.

"Бұл жарыста Ұйымдастырушы комитет пен Халықаралық "Сұңқар" кешені тестілеуден өтті. Және мен бүгін сенімді түрде Қысқы Универсиадаға дайын екенімізді айта аламын",-деді Ә.Әбдуалиев.

Халықаралық тұғырдан секіру бойынша жарысының диреторы Вальтер Хофер жарыстың жақсы деңгейде өткенін айтып, Алматы қаласының әкімшілігіне алғысын білдірді.

"Қазақстанның әлем кубогін қабылдауға кеткен алты жылдық тарихы аяқталды деп айта аламын. Және мен жарыс сәтті әрі кедергісіз өтіпжатыр депайта аламын. Менің ойымша Универсиада да дәл осылай сәтті өтеді. Алматы қаласының әкімшілігіне осы жарысты өткізугені және жасалған еңбектері үшін алғыс білдіреміз",- деді Вальтер Хофер.

Айта кетейік, 150-ге жуық спортшы әлемнің 15 елінен Алматының "Сұңқар" халықаралық кешенінде бақ сынады.

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!