Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылар

Фотография - Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылар

Тізімнің басында сербиялық жас талант, "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович тұр

290 0

Футболшылардың нарықтағы бағасын үнемі қадағалап отыратын немістің Transfermarkt.de порталы Қазақстан чемпионатында доп теуіп жүрген футболшылардың бағаларының жаңартылған тізімін жариялапты, деп хабарлады Baq.kz.Қазақстандағы қымбат ойыншылардың басым көпшілігі "Астана" мен "Қайрат" ойыншылары.

Германиялық агенттіктің мәліметі бойынша ең қымбат футболшы сербиялық Неманья Максимович екен."Астана" ойыншысы 2 миллион еуроға бағаланып отыр. Екінщі орында – "Қайрат" шабуылшысы Жерар Гоу (1,8 миллион еуро), үздік үштікті тағы бір "Астана" ойыншысы колумбиялық Рохер Каньяс қорытындылап тұр.

Ал Қазақстан ойыншыларынан көш басында  Дмитрий Шомко, Бауыржан Исламхан бар.

Сонымен, Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар:
1. Неманья Максимович (Сербия, "Астана") – 2 миллион еуро
2. Жерар Гоу (Кот-д’Ивуар, "Қайрат") – 1,8 миллион еуро
3. Рохер Каньяс (Колумбия, "Астана") – 1,5 миллион еуро
4. Исаэль (Бразилия, "Қайрат") – 1,2 миллион еуро
5-8. Дмитрий Шомко (Қазақстан, "Астана") – 1 миллион еуро
5-8. Бауыржан Исламхан (Қазақстан, "Қайрат") – 1 миллион еуро
5-8. Филип Касалица (Сербия, "Ордабасы") – 1 миллион еуро
9-12. Чиприан Дяк (Румыния, "Ақтөбе") – 900 мың еуро
9-12. Сито Риера (Испания, "Қайрат") – 900 мың еуро
9-12. Бауыржан Жолшиев (Қазақстан, "Астана") – 900 мың еуро
9-12. Патрик Твумаси (Гана, "Астана") – 900 мың еуро. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!