Зарина Дияс Malaysia Open жарысын жеңіспен бастады

Фотография - Зарина Дияс Malaysia Open жарысын жеңіспен бастады

Ол алғашқы айналымда әлемнің 42-ракеткасы Анника Бекті ұтты

191 0

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (95) Куала Лумпурда өтіп жатқан Malaysia Open жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлады Аламан.

Ол бірінші айналымда әлемнің 42-ракеткасы, биылғы Австралия ашық чемпионатының төртінші кезеңіне дейін жеткен германиялық Анника Бекті 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Ол матчта төрт брейк жасап, қарсыласына үш брейк беріп қойды.

Дияс екінші айналымда әлемнің 190-ракеткасы қытайлық Джу Линмен кездеседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!