Дэвис Кубогындағы Сербия-Қазақстан ойынын "Kazsport" арнасы көрсетеді

Фотография - Дэвис Кубогындағы Сербия-Қазақстан ойынын "Kazsport" арнасы көрсетеді

Сербиялықтардың қатарында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович өнер көрсетеді деп күтілуде.

212 0

4-6 наурыз аралығында Сербия астанасы Белград қаласында теннистен ерлер арасында Дэвис Кубогының 1/8 финалы аясында Қазақстан құрамасы Новак Джокович бастаған Сербиямен кездеседі.  Бұл матчтарды "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Көрсетілім кестесі:

4 наурыз (жұма)

18:50. Сербия-Қазақстан. 1-ші ойын. Тікелей эфир
21:30. Сербия-Қазақстан. 2-ші ойын. Тікелей эфир

5 наурыз (сенбі)

19:55. Сербия-Қазақстан. 3-ші ойын. Тікелей эфир

6 наурыз

17:50. Сербия-Қазақстан. 4-ші ойын. Тікелей эфир
20:35. Сербия-Қазақстан. 5-ші ойын. Тікелей эфир

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.

Ал Сербия сапында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогының ширек финалында Австралия құрамасына 3:2 есебімен есе жіберген еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!