Суперкубок үшін ойында Равшан Ирматов қазылық етеді

Фотография - Суперкубок үшін ойында Равшан Ирматов қазылық етеді

Сонымен қатар, Ирматов Астанада жас төрешілерге арналған семинар өткізеді

236 0

Швейцарияның Цюрих қаласында өткен ФИФА-ның кезектен тыс конгресінің барысында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Өзбекстан футбол федерациясының бас хатшысы Сардор Рахматуллаевтың жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Келіссөздер барысында екі жақ жобаларды іске асыру үшін серіктестікті нығайтуға келісті.

Кездесудің нәтижесінде екі жақ 8 наурыз күні Астанада өтетін Суперкубок үшін ойында танымал төреші Равшан Ирматов қазылық етеді деген шешімге келді.

Сонымен қатар, Ирматов Астанада жас төрешілерге арналған семинар өткізеді.

Равшан Ирматов - FIFA төрешісі. 2010 және 2014 жылғы өткен Әлем чемпионатында, 2012 жылғы Олимпиада Ойындарында, Азия Кубогында және клубтар арасындағы Әлем чемпионатында жұмыс істеді. 2015 жылы әлемнің ең үздік төрешісі атанды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!