"Реал" қос ойыншысын сатып, Азарды сатып алмақ

Фотография - "Реал" қос ойыншысын сатып, Азарды сатып алмақ

"Челси" қатарында соңғы маусымды сәтсіз өткізіп жатқан Азар "реал" қатарын жазғы маусымда толықтыруы мүмкін

189 0

“Реал” биыл Хамес Родригес пен Исконы сатуға дайын. Бұл туралы испандық және ағылшындық басылымдарға сілтеме жасап Аламан хабарлайды.

“Реал” басшылығы бұл қаржыға “Чеслиден” Эден Азарды сатып алмақ. 24 жастағы колумбиялық Хамес Зидан келгелі негізгі құрамға ене алмай жүр.

Биылғы қысқы трансферлік маусымда “МЮ” Родригесті сатып алуға ұсыныс жасағанымен, “Реал” оны сатудан бас тартқан. Ал Исконы “Арсенал” мен “МС” сатып алуы мүмкін.

Алдағы жазғы трансферлік маусымда “Реал” ойыншылар сатып алуға 250 миллион фунт стерлинг жұмсамақ. Мадридтік клубтың басты мақсаты – Азар. Команда оны сатып алу үшін 80 миллион фунт жұмсауға дайын



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!