Дэвис Кубогы. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан Сербиямен тең түсті

Фотография - Дэвис Кубогы. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан Сербиямен тең түсті

сурет egemen.kz сайтынан

Бірінші матчта әлемнің ең үздік теннисшісі, серб Новак Джокович пен қазақстандық Александр Недовесов кортқа шықты

424 0

Белград қаласында теннистен Дэвис Кубогының 1/8 финалы шеңберінде Сербия мен Қазақстан арасында кездесу өтуде. Алғашқы күнгі қорытынды бойынша есеп – 1:1. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Бірінші матчта әлемнің ең үздік теннисшісі, серб Новак Джокович пен қазақстандық Александр Недовесов кортқа шықты. Үш сетке жалғасқан ойында Джокович 6:1, 6:2, 6:3 есебімен басым түсіп, командасын алға шығарды.

Алайда, екінші ойында отандасымыз Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді жеңіп, таразы басын теңестірді. Бұл кездесу де үш сетке жалғасты. Тартысты ойын нәтижесінде Кукушкин 7:5, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді ертең қос команда жұптық айқаста күш сынасады. Бұл сында Сербия тарапынан Новак Джокович пен Ненад Зимонич шықса, Қазақстан құрамасының капитаны Дияс Досқараев Андрей Голубев пен Александр Недовесовке сенім артып отыр. Аталған ойын 5 наурыз күні сағат 19:55-те басталады. Матчты тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!