"Астана Арландары" Бакуде жеңіске жетті

Фотография - "Астана Арландары" Бакуде жеңіске жетті

Бұл қазақстандық команданың осы маусыдағы үшінші кездесуі болатын

407 0

Қазақстандық "Astana Arlans" кәсіпқой бокс клубы Бұкіләлемдік бокс сериясындағы кезекті матчын Әзірбайжанда өткізді, деп хабарлады Аламан.


Бақтияр Артаевтің жеке бапкері болған Нұрлан Ақүрпеков биылғы маусымда қазақстандық клубты жаттықтырып жүр. Биылғы маусымда "Астана арландары" алғашқы кездесуін дәл осы "Баку оттарына" қарсы өткізіп, өз алаңында жеңіске жеткен. Ал екінші кездесуін астаналықтар сырт алаңда өзбек боксшыларына өткізіп, ойсырай ұтылып қалған.


Биылғы маусымдағы үшінші кездесу сырт алаңда "Баку Оттарына" қарсы өтті. Закир Сафиуллин (60 кг) қарсыласы Насраддинин Маммадовқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады — 3:0 (49:45, 49:44, 49:45).  Олжас Сәттібаев (52 кг) болса Магомед Ибиевты еш қиындықсыз жеңді — 3:0 (50:45, 50:44, 50:45). Ал Асланбек Шымбергенов (69 кг) тең дәрежеде өткен жекпе-жекте Тамерлан Абдуллаевқа жеңіліп қалды — 0:2 (47:47, 46:48, 46:48). Нурдаулет Жарманов (81 кг) қарсыласы Михаил Долголевецты екінші раундта нокуатқа жіберді. Ауыр салмақта әзірбайжандықтар нокуаттың есесін қайтарды. Нуржан Бекзатов (+91 кг) бесінші раундта Арсланбек Махмудовтан жеңілып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана арландары" келесі кездесуін 19 наурыз күні Петропавлда "Puerto Rico Hurricanes" командасына қарсы өткізеді



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!