Қуат "Найман" аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Фотография - Қуат "Найман" аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық бірінші раундта-ақ қарсыласы Андрей Митрофановтан басым түсіп, жеңіске жетті.

561 0

Шанхайда (ҚХР) кәсіби ММА бойынша турнир аяқталды. Бұл турнирдің басты жаңалығы қазақстандық Қуат "Найман" Хамитовпен WBK нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы украиндық Андрей Митрофанов арасындағы кездесу болды.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық Қуат Хамитов "Найман" екі салмақ категориясында (70-77 келі) әлем чемпионының белбеуін жеңіп алды деп хабарлайды inboxing.kz-ке сілтеме жасап nur.kz.

Қазақстандық бірінші раундта-ақ қарсыласы Андрей Митрофановтан басым түсіп, жеңіске жетті.

Осылайша жерлесіміз әлем чемпион белбеуін иеленді.


Осыған дейін Хамитов жеңіл салмақта (70 келі) чемпион белбеуін иеленген еді, кейін бұл титулды бос қалдырып, келесі салмақтағы чемпионмен жұдырықтасқан.

Сондай-ақ осы турнирде WBK нұсқасы бойынша жеңіл салмақта (70 келі) чемпиондық титул үшін айқасқан қазақстандық Айбек Нұрсейіт француздық Майкл Дубойстан басым түсті.

Бес раундқа созылған кездесуде Alem Fighters клубының мүшесі Нұрсейіт өз қарсыласын екінші раундта-ақ сұлатып тастады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!