"Қайрат" Қазақстанның Суперкубогі үшін таласта "Астана" ФК-нан басым түсті

Фотография - "Қайрат" Қазақстанның Суперкубогі үшін таласта "Астана" ФК-нан басым түсті

Жеңімпаз ойын соңынан болған пенальти арқылы анықталды.

661 0

Астанадағы «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтті. Жергілікті "Астана" мен Алматының "Қайраты" арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Нәтижесінде ойын соңындағы пенальти бойынша «Қайрат» 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Суперкубокты иемденді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап басымдыққа ие болған "Астана" ойыншылары бірінші таймда бірнеше жойқын шабуыл ұйымдастырды. Өз кезегінде "Қайрат" футболшылары да қарымта шабуылдарға шығып, қарсыластар қақпасын нысанаға алған болатын. Алайда, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші таймда да командаларда есеп ашатын тамаша мүмкіндіктер болғанымен, гол соғылмады. Одан кейінгі қосымша екі тайм да голсыз өтті. Ал ойын соңындағы пенальтиде"Қайраттың" жолы болып, жеңіске жетті.

Осылайша, алматылықтар жаңа бас жатықтырушы Александр Бородюктің жетекшілігімен алғашқы жүлделеріне қол жеткізді.

Айта кетейік, өткен жылы да қос команда Қазақстан Суперкубогын сарапқа салған еді. Ол кезде де жеңімпаз пенальти арқылы анықталып, «Астана» жеңіс тойын тойлады.

"Астана" (Астана) – "Қайрат" (Алматы) 0:0 (пенальти 4:5)

Фото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман Мухатов

8 наурыз. Астана. "Астана Арена" стадионы. 14 000 көрермен.

Төреші: Равшан Ирматов (Өзбекстан).

"Астана": Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников (Марк Гурман 90), Марин Аничич, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович (Алексей Щеткин 89), Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов, Таңат Нөсербаев (Берік Шайықов 107).

"Қайрат": Владимир Плотников, Исаэл Барбоза (Риера Ортега 106), Жерар Гоу, Анатолий Тимощук, Жарко Маркович, Бруно Соарес, Лукаш Тесак, Михаил Бакаев, Аслан Дарабаев (Виталий Ли 65), Бауыржан Исламхан.

Ескертулер: Евгений Постников 41, Рохер Каньяс 47, Патрик Твумаси 69 – Жарко Маркович 22, Лукаш Тесак 90, Анатолий Тимощук 103, Жерар Гоу 106.

Тағы бір ескере кететін жайт, осы ойынмен футболдан еліміздің жаңа маусымы басталды. Енді 12-13 наурыз күні Қазақстан премьер-лигасының алғашқы туры өтеді. Ол турда мына командалардың кездесулері өтеді:

12 наурыз

"Астана" (Астана) – "Шахтер" (Қарағанды)

"Жетісу" (Талдықорған) – "Атырау" (Атырау)

"Тараз" (Тараз) – "Қайрат" (Алматы)

13 наурыз

"Ордабасы" (Шымкент) – "Ақтөбе" (Ақтөбе)

"Ертіс" (Павлодар) – "Оқжетпес" (Көкшетау)

"Тобыл" (Қостанай) – "Ақжайық" (Орал).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!