Қысқы Универсиадаға қатысуға өтініш беру 29 наурызға дейін жалғасады

Фотография - Қысқы Универсиадаға қатысуға өтініш беру 29 наурызға дейін жалғасады

Қысқы Универсиадаға шақырту қағазы 170 ұлттық студенттер федерацияларына жіберілді

398 0

2016 жылдың 29 қаңтарынан бастап, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға тура бір жыл қалғанда, www.almaty2017.kz ресми сайты қатысушы-командалардың онлайн-аккредитациясын бастады.  

2017 жылғы Универсиадаға қатысуға ниет білдірген Ұлттық студенттік спорт федерацияларының өкілдері, Универсиаданың ресми сайтындағы арнайы “Аккредитация” формасын толтыруы тиіс.

Қысқы Универсиадаға шақырту қағазы 170 ұлттық студенттер федерацияларына – Халықаралық студенттік спорт федерациясының өкілдеріне(FISU) жіберілген болатын.

Жарысқа қатысу өтініштері 2016 жылдың 29 наурызына дейін қабылданбақ.

Белгілі болғандай, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың 29 қантары мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Қысқы Универсиадаға әлемнің 55 елінен 2000-ға жуық спотршылары қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс 8 спорт нысанында, 12 спорт түрінен өтеді.Олар: биатлон, керлинг, коньки спорты, шаңғы қос сайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, сноуборд, фристайл және мәнерлеп сырғанау.

Универсиадаға шетелден және еліміздің облыстары мен қалаларынан 3000 ерікті тартылмақ. 30 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Телеаудиторияның саны 1 млрд адамды құрамақ. Ал, телетрансляция әлемнің 80 еліне таратылмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!