"Барселона" "Камп Ноудың" сыйымдылығын 105 мың орынға дейін ұлғайтпақ

Фотография - "Барселона" "Камп Ноудың" сыйымдылығын 105 мың орынға дейін ұлғайтпақ

Өзгеріске ұшыраған стадионның сыйымдылығы 99 мың 354-тен 105 мың орынға дейін ұлғайтылмақ

212 0

"Барселона" футбол клубына тиесілі стадионның қайта құрылыс жұмыстары 2021/22 жылдардағы маусымға қарай аяқталмақ. Каталондық команда стадионының жаңа дизайнын жасау мүмкіндігіне Nikken Sekkei және Pascual Ausio Arquitectes компаниялары  ие болды, деп жазады eurosport.ru. Клубтың бес, Каталония сәулетшілер алқасының үш мүшесі мен Барселона қалалық кеңесінің бір өкілінен құралған комиссия жеңімпазды 8 наурыз күні анықтады.   Өзгеріске ұшыраған стадионның сыйымдылығы 99 мың 354-тен 105 мың орынға дейін ұлғайтылмақ. Аталмыш компаниялар құрылыс жұмыстарына 2017/18 жылдардағы маусымда кіріседі. Бірақ, мамандардың сөзіне қарағанда, бұл жайт ойындарды уақтылы өткізуге кедергі келтірмейді, деп хабарлады 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!