АҚШ-тағы теннис турнирінің келесі айналымына екі қазақстандық шықты

Фотография - АҚШ-тағы теннис турнирінің келесі айналымына екі қазақстандық шықты

Әлемдік рейтингте 56-шы орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Путинцева қытай қызы Пэн Шуайды жеңді

183 0

Қазақстандық теннисші қыздар Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінің алғашқы айналымын сәтті өткізді, деп хабарлады Baq.kz.

Әлемдік рейтингте 56-шы орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Путинцева қытай қызы Пэн Шуайды екі сетте 6:0, 6:1 есебімен оңай жеңді. Кездесу 56 минутқа созылды.

Путинцева енді келесі айналымда франциялық, турнирдің 27-інші ракеткасы Кристина Младеновичпен кездеседі. 
Ал Ярослава Шведова чех қызы Кристина Плшикова жолығып, үш сеттің қорытындысы бойынша 6:3, 6:7 (3), 7:5 есебімен ұтты. Осылайша Шведова қарсыласын осымен екінші рет қапы қалдырып кетті.Жерлесіміз келесі айналымда тағы бір чехиялық Люси Шафаржовамен жолығады.

Жарақатынан енді жазылып, жарысқа араласып жүрген Галина Воскобоева алғашқы айналымда сүрінді. Ол британдық Хитер Уотсоннан үш сетте жеңілді (6:7, 6:4, 1:6).

Зарина Дияс бүгін америкалық Джейми Лобпен кездеседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!