Шүменов IBO рейтингінің үздік ондығына кірді

Фотография - Шүменов IBO рейтингінің үздік ондығына кірді

Халықаралық бокс ұйымы барлық салмақтағы әлем боксшыларының рейтингін жариялады.

138 0

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) наурызда өткен кездесулер бойынша барлық салмақтағы әлем боксшыларының рейтингін жариялады. 

Жеңіл салмақтағы жерлесіміз (53,5 келіге дейін) Жанат Жақиянов 50-ші орынға сырғып, үш саты төмендеді, бірінші ауыр салмақ санатында (90,7 келіге дейін) Бейбіт Шүменов 11-шіден 8-ші орынға көтерілді. Ал Иса Ақбербаев 35-ші орнын сақтап қалды.

Бірінші орта санаттағы боксшы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам ТОП-жүздікке ілікпей қалды. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!