Спорттан өмір бойына аластатылған Сиванбаева үш рет допингпен ұсталған

Фотография - Спорттан өмір бойына аластатылған Сиванбаева үш рет допингпен ұсталған

ҚР ААФ оқиға туралы пікірін білдірді

403 0

Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы IWF допинг-бақылау зертханалық сараптамасы негізінде қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны антидопингтік ережені үш рет бұзғандығы үшін кез-келген деңгейдегі спорттық шараға қатысу мүмкіндігінен өмір бойына айырды, деп жазады Today.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мұның алдында спортшы антидопингтік ережені бұзғаны үшін 2012 мен 2014 жылдар арасында жарысқа қатыстырылмаған. Спортқа қайтып келгеннен кейін, ол ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысқан.

Кейін спортшыдан 2015 жылы 7 қыркүйекте Тайландыда өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатының нәтижесі бойынша алынған допинг-бақылаудың "А" сынмасы, оның қанында тиым салынған анаболикалық агенттер барын көрсеткен. Ішкі тергеу берілген дәрмекті арнайы қабылдағанын көрсеткен.

Кейін, БДҚА (Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік) аккредитациясын өткен Алматы спортшыларының Допингке қарсы зертханасы, 2015 жылдың 5 қазанында өткен Қазақстан Спартакиадасы қорытындысы бойынша спортшының қанынан анаболикалық андрогендік стероидтар тобына жататын затты анықтаған.

"Жоғарыда аталған фактілерге байланысты құрамына ҚазҰДҚО, БДҚА және Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы кірген Тәртіптік комиссия жеңілдетуші жағдайдың жоқтығына, істің қайталана беруіне байланысты спортшыны өмір бойына спорттан аластату шешімін қабылдады", - делінген хабарламада.

"Ауыр атлетика федерациясы допинге қарсы талмай күресуде және Фаинамен болға жайт біз үшін тосын болды. Оның ағзасынан үшінші рет тиым салынған заттар анықталды, сол үшін Ауыр атлетканың халықаралық федерациясы осындай қатаң жаза кесті", - дейді ҚР ААФ төрағасы Омар Мұстафин.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!