Астанада үстел теннисінен әскери қызметші чемпиондарды марапаттады

Фотография - Астанада үстел теннисінен әскери қызметші чемпиондарды марапаттады

Турнир нәтижесінде Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында жалпы командалық есепте Ұлттық қорғаныс университетінің командасы жеңді

283 0

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының VI Спартакиадасының қысқы кезеңі шеңберінде үстел теннисінен чемпионат аяқталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

42 команда құрамында шағын таяқтың 300-ден аса әуесқойы бес санаттағы яғни, ерлер мен әйелдер арасындағы жеке сынақта, ерлер, әйелдер арасындағы командалық жұп, сондай-ақ аралас жұп арасындағы есепте жүлделі орындар үшін бақ сынасады.

Турнир нәтижесі бойынша Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында жалпы командалық есепте Ұлттық қорғаныс университетінің командасы жеңімпаз атанды. Аталмыш білім ошағы ҚР Қарулы Күштері бас басқармаларының әскери қызметшілері арасында да көшбасшылар қатарында тұр.

"Командамыз күн сайын соққы дәлдігі мен қозғалыс үйлесімін пысықтай отырып, чемпионатқа бар күш-жігерін салып дайындалды. Барлық қатысушылар сайысқа дайындалуға шындап кірісті. Жарыста жеңіс тұғырынан көрінуге тәртіптілігіміз бен командалық рухымыз демеу болды!", - деп ҰҚУ дене даярлығы кафедрасының бастығы подполковник Ерік Әбілмәжінов алған әсерімен бөлісті.

Екінші орынды 19132 әскери бөлімі еншілесе, үшінші орынды Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы қанжығасына байлады. ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҚК Бас штабының департаменттері мен басқармалары арасында бірінші орынды Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті иеленді.

Спорт – қазақстандық армияда әскери қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Жауынгерлік әзірлікке ықпал ететін фактор ретінде әскери қызметшілердің дене даярлығына, ҚР ҚК-де бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануға ерекше көңіл бөлінеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!