Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова Индиан Уэльстің үшінші айналымына шықты

Фотография - Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова Индиан Уэльстің үшінші айналымына шықты

Юлия Путинцева (56) екінші айналымда франциялық Кристина Младеновичті (29) 6:4, 6:4 есебімен жеңді

287 0

Қазақстандық Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова Индиан Уэльсте өтіп жатқан жарыстың үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлады Аламан.

Юлия Путинцева (56) екінші айналымда франциялық Кристина Младеновичті (29) 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді ол Серена Уильямс — Лаура Зигмунд (Германия) арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Ал Ярослава Шведова (72) екінші айналымда чехиялық Люси Шафаржовадан (13) 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Енді ол америкалық Николь Гиббзбен (95) кездеседі.

Ал қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс екінші айналым матчында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкодан ұтылып қалды



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!