"Астана" өз алаңында "Шахтерды" жеңді

Фотография - "Астана" өз алаңында "Шахтерды" жеңді

Биылғы біріншіліктің алғашқы ойынынд ел чемпионы "Астана" бірінші болып гол жіберіп алғанымен алғашқы үш ұпайына қол жеткізе алды

252 0

 Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аясында елордалық стадионда "Астана" ФК мен қарағандылық "Шахтёр" ФК шеберлік байқасты. Ойын нәтижесінде алаң иелері 2:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу жағымды жаңалықтардан басталды. Алдымен қазақстандық Премьер-лига-2015 үздік бапкердің есімі белгілі болды. "Астана" ФК жаттықтырушысына марапатты ҚР Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев табыстады.

Кездесу тартысты басталды, сегізінші минутта-ақ қарағандылықтар мергендік танытып, есеп ашты. Гол соққан - Деслей Уббинк. Бірінші бөлімнің соңына дейін негізінен "Шахтер" футболшылары басымдыққа ие болды, үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ.

Ал екінші тайм басталғанда "Астана" командасының жаңа ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестіре алды. Қазіргі ел чемпионы шабуылды тоқтатпады, алайда елордалық команда капитаны Танат Нөсербаев ойынның 65-ші минутында ғана гол соға алды, есеп - 2:1.

"Астана" ФК келесі кездесуін 20 наурызда Шымкентте "Ордабасы" командасымен өткізеді.

Бұл ойынна өзге тағы екі ойын өтті. Таразда жергілікті команда алматылық "Қайратты" қапы қалдырса, "Жетісу" өз алаңында "Атырамен" ұпайц бөлісті. Қортынды есеп 1-1.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!